Абай облысыҚоғамТОП
Абай облысында халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 54 жоба іске асырылуда

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев мәлімдеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың айтуынша, өңірде халықты 100% таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 15,5 млрд теңгеге 54 жоба қолға алынды. Оның 20-сы биыл пайдалануға беріледі, қалған 34 нысан ауыспалы болып табылады.
«Облыста орталықтандырылған ауыз сумен қамту үлесі – 91,9%-ды құрайды. Сондай-ақ 2024-2025 жылдары су құбыры желілерінің 32 жобасын салу жоспарланған», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Semeynews.kz