
Абай облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты Семей қаласы әкімінің сыйлығына байқау жариялайды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Байқау қаладағы 14 пен 35 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына, айрықша еңбектерін ынталандыру және бағалау мақсатында өткізіледі.
Байқау жеңімпаздары 12 номинация бойынша анықталады:
1. Жылдың үздік студенті;
2. Жылдың үздік волонтері;
3. Жылдың үздік жастар ұйымы;
4. Жылдың жас спортшысы;
5. Жылдың жас журналисті;
6. Жылдың жас дарыны;
7. Жылдың жас дәрігері;
8. Жылдың жас ұстазы;
9. Жылдың жас қаһарманы;
10. Жылдың жас еңбек адамы;
11.Ауылдың жас маманы;
12. Жылдың жас отбасы.
Бір үміткер екі немесе одан көп номинацияға ұсынылмайды.
Материалдар 2023 жылдың 4 желтоқсанына дейін Семей қаласы Момышұлы көшесі, 16 мекенжайында орналасқан «Абай облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ «Семей қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ (3 қабат) тапсырылады.
Анықтама телефондары: 35 48 56 (87714364682).
Semeynews.kz