Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов “Семей арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” КММ-нің жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Мекеме тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқулары бар 400-ге жуық мүгедек балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.
Семей қаласы әкімінің бастамасымен әкімшілік блок пен күндізгі ем қабылдау бөлімшесі Глинка көшесі, 40 “А” мекенжайындағы 1322 шаршы метр ғимаратқа көшті.
Күндізгі бөлімде нейропсихиатриялық ауытқулары бар 35 мүгедек бала бар. Оларға кешенді көмек көрсетіледі.
- Ш. Уалиханов көшесіндегі сіздер орналасқан ғимаратқа бірнеше рет барған болатынмын. Балаларға қолайлы, әрі кең, әрі жарық болсын деп осы ғимаратты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталғына беруге шешім шығарылды. Ең бастысы балаларымыз аман болсын,- деді қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов.
Semeynews.kz