ҚазақстанҚоғамТОП

Президент Ішкі істер министріне «Заң және Тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, – деп хабарлайды Semeynews.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Қазақстандағы криминогендік жағдай туралы баяндалды.

Ержан Сәденов елімізде жасалатын қылмыстар санының төмендеу динамикасы сақталып отырғанын, кісі өлтіру 20 пайызға, ұрлық 28 пайызға, қарақшылық 32 пайызға азайғанын айтты.

Сонымен қатар тонау, бұзақылық, мал ұрлығы, денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілері, сондай-ақ басқа да қылмыс түрлері төмендегенін баяндады.

Президентке құқықбұзушылыққа мүлде төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, заңға қайшы әрекеттер мен қылмыс жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығын іске асыру, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары туралы мәлімет берілді. Бүгінде 8 миллион 500 мың заңға қайшы әрекет анықталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 миллионға көп. Жасалған құқықбұзушылықтар үшін 90 миллиард теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, 71 миллиард теңге өндіріп алынды.

Кездесуде ішкі істер органдарының жұмысын жетілдіру, соның ішінде ІІО қызметкерлерін аттестациядан өткізіп, ведомствоны лайықсыз мамандардан тазарту шаралары туралы баяндалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң және Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Мемлекет басшысы қоғамда әділдік пен тәртіп орнату үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелгенін айтты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button