Абай облысы Үржар ауданының өнеркәсіп өнімінің көлемі 111,8% – ға ұлғайған

Ағымдағы жылдың алғашқы 10 айының қорытындысы бойынша Үржар ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі 2 млрд 144,4 млн теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 111,8% – ға ұлғайған. Бұл туралы Үржар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ақылбек Башымбаев өңірдің басты ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Спикердің мәліметінше, негізгі капиталға жұмсалған 35 млрд 397,4 млн теңгені құрайтын инвестиция көлімі ауқымды нәтижеге жетуде маңызды рөл атқарған.
Аудан экономикасының негізгі өзегі ауыл шаруашылығы болып қала береді.
- Егістік алқаптарының 100,7% – ға ұлғаюы осы саладағы нәтижелерге қол жеткізуге айтарлықтай әсер етті. Ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі 106,4% – ға өсіп, 90 млрд 586, 9 млн теңгеден асты, – деді спикер.
Аудан басшысының м. а. кәсіпкерлік саласындағы оң өсімді атап өтті.
- Қазіргі уақытта ауданда бойынша 250 жаңа жұмыс орны құрылып, 6 532 шағын кәсіпкерлік объектісі жұмыс атқаруда. Сондай-ақ “2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба” бағдарламасы аясында 23 жоба табысты іске асырылған болатын. Айта кетелік, ауқымды нәтижелер кәсіпкерлік белсенділігін арттыру мен әртараптандыру арқылы жүзеге асуда, – деді ол.
Ағымдағы жылы аудан бюджеті 12 млрд 551,2 млн теңгені құраған, оның ішінде даму бюджеті – 3 млрд 531,1 млн теңге. 10 ай ішінде бюджеттің ішкі кірісі 2 млрд 544,8 млн теңгені құраса, ал жиналған салық мөлшері 2 млрд 775,2 млн теңгеге жеткен.
Semeynews.kz