Абай облысыҚоғамТОП

Сандық теледидар ауыл тұрғындары үшін қол жетімді

Құрметті  Үржар ауданы  Ақшоқы және Сегізбай аулының, Ақсуат ауданы Үштөбе ауылының тұрғындары!

«Қазтелерадио» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Үржар  ауданының Ақшоқы радио,- телехабартарату станциясының (бұдан әрі-РТС) және Сегізбай РТС-ында, Ақсуат  ауданының Үштөбе радио,- телехабартарату станциясының (РТС) цифлық эфирлік телехабар тарату (бұдан әрі-ЦЭТТ) 22.11.2023ж. бастап тестілік режимде қолданысқа берілетіндігін хабарлайды.

ЦЭТТ – бұл жоғары сигнал тарату жылдамдығы бар жаңа буын телевизиясы. Ол көбірек мүмкіндіктер мен қызметтер: қосымша арналар, сурет пен дыбыстың ең жақсы сапасы, мультимедиялық қосымшалар, радио, түймені бір басумен экранға шығарылатын электронды бағдарламалар, субтитр тілін таңдау және басқа да көптеген жаңа енгізілімдер ұсынады. «Аналогтан» айырмашылығы, цифрлық сигнал кедергіге төзімді және телекөрермендерге шу мен бұрмалаусыз, тіпті ең шалғай елді мекендерде де бастапқы түрінде беріледі. Цифрлық телевизияға көшкеннен кейін көрермендер іркілістер және сурет пен дыбыстың нашар сапасы туралы ұмытады.

ЦЭТТ-ға көшу телевизияда ашылған жаңа бағыт. Сондай-ақ, цифрландыру шағын елді мекендерде аналогты форматтағы 2-3 телеарнаның орнына цифрлық форматта 15 телеарнаға дейін қабылдауға мүмкіндік береді, сонымен қатар, оларды тарату үшін электр энергиясын тұтынуды едәуір азайтады.

ЦЭТТ ұсынатын арналар:

РТС саны

Облыс атауы РТС № п/п АӘДМ 29.07.22ж. № 287 бұйрығына сәйкес ТК атауы

түймелер №

1 2 3 4 6 7
1 Абай облысы Ақшоқы, Сегізбай, Үштөбе 1 «QAZAQSTAN» 1
2 «Хабар HD» 2
3
4
5 «Хабар 24» 3
6 «BALAPAN» 4
7 «ЕЛ АРНА» 5
8 «Kazakh TV» 6
9 «ABAI TV» 7
10 «Первый канал Евразия» 8
11 «ALTAI» 9
12 «QAZSPORT HD» 10
13
14
15 «МИР» 11

ЦЭТТ қосылу әдісі лифлетте екі тілде берілген, яғни, теледидар DVB-T2 цифрлық хабар тарату стандартын қолдайтынына көз жеткізу керек. Егер қолдайтын болса, тек дециметрлік антеннаны қосу жеткілікті. Ал, ескі теледидарлар, әдетте, DVB-T2 стандартын қолдамайды, сондықтан цифрлық сигнал қабылдағыш сатып алу қажет болады, ол шамамен 5500-6500 теңге тұрады.

Сұрақтар бойынша келесі байланыс нөмірлері арқылы байланысуға болады: Call center -7(727)258-15-00; +7707-258-15-00; «Қазтелерадио» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының тел. 87232-77-77-39, 8777-064-1476.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button