
Вакцинациялау үшін медицина қызметкері және алғашқы медциналық қарау және екпе егетін ем-шара бөлмесі бөлінген. Сонымен қатар вакцина алған тұлғалардың вакцинациядан кейін 30 минут күтетін бөлмесі де қарастырылған.
- Вакцинация жүргізуді біз короновирусқа қарсы күрестегі маңызды қадам деп санаймыз. Сауда орталықтарындағы жылжымалы вакцина жүргізу – бұл өте қолайлы, біздің барлық кәсіпкерлеріміз жұмыс орындарынан шықпай вакцинациядан өтуге мүмкіндік алады. Бүгінгі вакцинациялау біздің сауда орталығымызда бірінші рет жүргізіліп тұрған жоқ, – дейді «Ақшың» сауда орталығының санитарлық дәрігері Раиса Оралбекова.
Бұған дейін сауда орталығында ресейлік «Спутник V» вакцинасымен вакцинациялау жүргізілген. Сол уақытта жүзден астам адам вакцинацияланды.
Semey News