Абай облысыҚоғамТОП
Бородулиха ауданында жаңа ойын алаңы пайдалануға берілді
Бородулиха ауданы Ивановка ауылында жаңа ойын алаңы халық игілігіне берілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Аталмыш жұмысқа аудандық бюджеттен 6,7 млн. теңге қарастырылған.
Саябақты абаттандыру жұмыстарын «Бастау» мердігер ұйымы атқарды.
Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында басталып, 13 қарашада тәмамдалған болатын.
- Еліміздің келешегі – бүгінгі ойын балалары. Сондықтан да біз көп жағдайда олардың талап-тілегімен санасып, сұранысын қанағаттандыруға тиіспіз, – дейді аудан басшысы Айдар Ибраев.
Ивановка ауылының алдағы даму жоспарына сәйкес, саябақ маңына воркаут алаңы салынатын болады. Сондай-ақ, Подхоз Березовкада салынатын балалар ойын алаңының құрылысына сметалық құжаттама дайындалды.
Semeynews.kz