Абай облысында интернет желісіне қосылған ауылдардың қатары артты

Абай ауданының Саржал және Медеу ауылдық округтерінде интернет желісін қосу жұмысы аяқталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бүгінде Тоқтамыс, Архат, Орда ауылында желіні кеңейту жұмысы жалғасуда.
Тоқтамыс ауылында 40 метрлік антенна-бағандық құрылғы орнатылып, оған 6 шақырым электр желісі тартылып, трансформаторлық қосалқы станса қойылды. Қазір электр желісіне қосу іске жұмыстары жүргізілуде.
Осы бағыттағы жұмыс Архат ауылында да іске асырылды. Яғни ауылда 40 метрлік антенна-бағандық конструкциясы орнатылды.
Бұдан бөлек, Орда ауылында трансформаторлық қосалқы станцияны және 30 метрлік антеннаны орнату жұмыстары жалғасуда, 2,5 шақырымдық электр желісі тартылды.
Жоғарыда аталған ауылдық округтерде барлық жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Анықтама үшін: Қарауыл, Кеңгірбай би, Қасқабұлақ, Көкбай, Құндызды ауылы талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылып, бұл елді мекендерде ұялы байланыс және интернет желісі жұмыс істейді.
Semeynews.kz