Абай облысыБілімҚоғамТОП

Абай облысының мұғалімдері үйден оқитын оқушыларға арналған оқу сайтының үлгісін жасады

Жарма ауданы мұғалімдері физика пәнін үйден оқытуға арналған электронды көмекші құралын ұсынды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Сайт  8-сынып оқушыларына нұсқаулық ретінде жасалған. Онда оқушылардың жұмыс істеуіне бірнеше танымды және қызықты  тетіктер қосылған. Мәзірде LearningApps интерактивті ресурс, Phet COLORADO виртуалды зертхана, тапсырмалар жиынтығы, онлайн жаттығу бар. ОАМ бекіткен оқулықтарды оқуға, жүктеп алуға және  виртуалды зертхана жұмыстарына сілтеме көрсетілген.   Пән бойынша бір жылға арналған оқу жоспарымен танысуға болады. Сондай-ақ  әр түрлі интерактивті ойын тапсырмалары да қамтылған. Нейрожелі мүмкіндіктерін пайдаланып, жылдам көрнекі видеосабақтар енгізілген.

«Қазір пән мұғалімдері веб-технологияларды көп қолдана бастады, әртүрлі интерактивті білім беру, ойын, нейрожелі ресурстарын бір жүйеге келтіріп, пән мұғалімі өзіне қажет сайтты жылдам жасап алады. Бұл сайт арқылы физика пәні мұғалімінің жұмысы жеңілдейді. Оқушының да жетістіктерін байқадым. Үйден оқитын оқушы сайттағы тапсырмаларды қызыға орындайды, әрі ойын түріндегі жаттығуларды орындап, уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік алады. Дәл осындай сайтты кез-келген пән мұғалімі оңай жасап алады», – дейді сайт авторы.

Жоба авторлары: инофрматика және физика пәні мұғалімдері Елдербек Кенжебеков, Айжан Садыкова, Максат Токтаганов, Дерр Оксана.

Көмекші құралда үйден оқитын оқушылардың ерекшеліктеріне қарай жеке оқу программасына сай материалдар жаңартылып салынады.  Оқушылармен кері байланыс тәсілі қарастырылған.

Алдағы мақсат – сайтты одан әрі жетілдіру, жеке доменге орналастыру, облыс, республика көлемінде әріптестерге ұсынып, тәжірибе ретінде тарату.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button