Абай облысында дүлей жел бірнеше нысанның шатырын ұшырып әкетті
Өткен түнде болған қатты жел Абай облысында төрт нысанды шатырсыз қалтырды. Бұл туралы Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді ,-деп хабарлайды Semeynews.kz.
Әзірге жарықтардың сөніп қалуы бойынша ақпарат жоқ. Дауылдан Бесқарағай ауылындағы “Долон негізгі мектебі” КММ директоры қатты желдің салдарынан спортзалдың жеке тұрған ғимараты шатырының ұшып кеткені туралы хабарлаған. 2001 жылы салынған ғимарат Долон ауылы, 1 Мамыр көшесі, 10 мекенжайы бойында орналасқан. 2020 жылы шатырды ішінара жөндеу жұмыстары жүргізілген. Зардап шеккендер жоқ.
Семей қаласындағы Шугаев көшесі 59 мекенжайында орналасқан Шәкәрім университетінің 6 оқу ғимаратының, Оборонная көшесі 71 мекенжайындағы жер үйдің, сонымен қатар Юность шағын ауданында орналасқан №44793 әскери бөлімнің қоймасының шатырын ұшырып әкеткен.
Желдің жылдамдығы секундына 18-20 метрді құраған.
Барлық оқиғалар бойынша зардап шеккендер жоқ.
Semeynews.kz