XVIII ғасыр әдебиетінің көрнекті өкілі, артынан өшпес мұра қалдырған Бұхар жырау Қалқаманұлының 330 жылдығына арналған шешендік өнер байқауы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Шараның мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, көркем әдебиет, шешендік өнер мұрасын насихаттау, сөйлеу мәдениетін дамыту, тіл тазалығын сақтау және талантты, білімді жастарға қолдау көрсету.
Байқауға Шәкәрім университеті, Әлихан Бөкейхан университеті және М.О. Әуезов атындағы колледжінің студенттері қатысты.
Байқау нәтижесі бойынша І орынды Әлихан Бөкейхан университетінің студенті Жұмаш Бейбарыс, ІІ орынды Мұхтар Әуезов атындағы колледж студенті Мұратбек Жібек, ІІІ орынды Шәкәрім университетінің студенті Арчин Дидар иеленді.
Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Semeynews.kz