ҚоғамСемейТОП

Семейдің “Красный Кордон” ауданында балалар ойын алаңқайы мен футбол алаңы ашылды

Бүгін Семей қаласының «Красный Кордон» тұрғын алабындағы Томск көшесінде қоғамдық кеңістік тұрғындардың қолданысына берілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Көктем маусымында Нұрбол Нұрсағатовтың қабылдауына келген тұрғындар аталған аумаққа қоғамдық орын салып беруді сұраған болатын. Мердігер ұйым екі ай көлемінде тиісті жұмыстарды жүргізіп, қазан айында құрылыс жұмыстарын аяқтады.

Бүгін Семей қаласының мәдениет бөлімі аудан тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, концерттік бағдарламаларды ұсынды. Мерекелік шараға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты.

Қоғамдық кеңістік воркаут, сырғанақ, әткеншек сынды балалар алаңқайы мен жасөспірімдерге арналған футбол алаңын қамтиды.

Ағымдағы жылы Семей қаласының шеткері аумақтарында 10-нан аса ойын алаңдары бой көтерді. Қала әкімінің тапсырмасымен балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлау мақсатында, аниматорлардың қатысуымен әр жаңартылған аулада мерекелік іс-шара ұйымдастырылуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button