«Semey Mall» сауда кешенінің құрылысы: Археологиялық нысан бойынша ақпарат
Семей қаласында жүргізіліп жатқан «Semey Mall» сауда кешенінің құрылысы аумағында табылған археологиялық олжалар, ШҚО мәдениет басқармасының берген мәліметтері бойынша тарихи-мәдени құндылықтары жоқ, деп хабарлайды Semey News.

Семей қаласындағы Абай көшесі бойында құрылысы аяқталмаған спорттық-сауықтыру кешенінің орнында 2019 жылдан бастап «Semey Mall» сауда кешенінің құрылысы жүргізілуде. «Semey Mall» ЖШС мәдени-ойын-сауық сауда кешені құрылысына жер учаскесі Семей қаласы әкімінің 2017 жылғы 27 қазандағы № 1694 Қаулысымен берілген.
2020 жылғы 30 қазанда құрылысшылармен археологиялық олжалар табылып, «Semey Mall» ЖШС басшылығымен Семей қаласы әкімдігіне хабарлама-хатын жолдады.
2020 жылғы 4 қарашада құрамына «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» КММ қызметкері А.Б.Утепбергенова, Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Ж.К.Байсұлтанова, Семей қаласындағы Шәкірім атындағы мемлекеттік университетінің профессоры А.И.Исин кірген комиссия нысанды қарады.
Нысанды қарастыру барысында комиссиямен шамамен ерте темір дәуіріне, мүмкін кейінгі сармат заманына жататын бірнеше жерлеу іздері анықталды. Қорғандардың бірінен жерлеудің артқы бөрене қабырғалары бар, алайда нашар сақталғаны байқалады. Сонымен қатар қорғаннан жануарлардың сүйектері, қыш ыдыстардың сынықтары табылды және олар зерттеуге алынды. Қорғанның негізгі бөлігі құрылыс барысында жойылған. Бірақта, «Semey Mall» иелері, ғимараттың іргетасы мен негізіне арналған шұңқыр 2019 жылға дейінгі спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысын бастау кезінде қазылған және археологиялық нысанның жойылуы сол уақытта болған деп түсіндіруде. Ал сауда кешенінің құрылысшыларымен жәдігерлер құрылысты бұзу және жерді қопару барысында табылған. Бұған дейін олар археологиялық құрылыстың іздерін байқамаған.
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Семей қаласының әкіміне жоғарыда аталған учаскеде құрылыс жұмыстарын тоқтату қажет екені туралы хат жолданып, тарихи-мәдени мұра нысандарын алдын-ала тіркеу тізіміне қосу бойынша жұмыс жүргізілді.
«Semey Mall» ЖШС және «Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет институты» арасында 2021 жылғы 1 ақпанда № 3 «Semey Mall» көпсалалы сауда-ойын-сауықтыру орталығы» құрылыс нысанының аймағына кірген археологиялық ескерткіштерде археологиялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша қызметтер көрсету, кейіннен учаскені тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер санатынан шығару туралы келісім жасалды. Нәтижесі бойынша жерлеу құрылысы қалдықтарының тарихи-мәдени құндылықтары жоқ деген ғылыми-зерттеу есебі дайындалды. Авариялық-құтқару жұмыстары нәтижесі бойынша жерлеу құрылысының барлық элементтері жиналып алынды. «Semey Mall» құрылыс алаңында тарихи-мәдени мұраның құндылықтары бар басқа нысандар жоқ және тарихи-мәдени мұра нысандары тізімінен шығару ұсынылды.
Аталған есеп негізінде, 2021 жылғы 10 ақпанда акт жасалды және Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени мұралар нысандарының тізімінен «Semey Mall» қорған тобының зерттелген тарихи-мәдени мұра нысандарын шығару туралы шешім қабылданды.
Жоғарыда айталғандарға сәйкес, «Semey Mall» тарихи-мәдени мұра нысанының зерттелген аумағы «Semey Mall» көпсалалы сауда-ойын-сауықтыру орталығының» қажеттіліктері үшін игеруге жатады.
Фотосуреттер А.И.Исинмен ұсынылды.
Semey News