Семей қаласы мен Абай облысында қызылша бойынша карантиндік іс-шаралар жүргізілмейді
Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті РММ бүгінгі күні Семей қаласы мен Абай облысының аумағында қызылша бойынша карантиндік іс-шаралар жүргізілмейтінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Облыстағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағаланады.
Еліміздегі қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық емдеу ұйымдары ағымдағы дезинфекцияны, ылғалды тазалауды, жиі желдетуді күшейтті.
Науқастарды госпитализациялау кезінде жедел респираторлық инфекцияның клиникалық белгілері және теріде бөртпелер болған кезде сақтық шараларын сақтайды.
Медицина қызметкерлері респираторлық аурулардың белгілері анықталған кезде жұмыстан учаскелік дәрігерге барғанға дейін шеттетіледі.
Облыс тұрғындарынан қоғамдық орындарға шұғыл қажеттіліксіз барудан бас тартуды сұраймыз. Жедел респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған жадайда дәрігерді үйге шақырыңыз.
Semeynews.kz