
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт, көбінесе, бұл тұрғындардың отқа ұқыпсыз қарауынан және балалардың мамықты өртеп, жалынның өсуін қызығушылықпен бақылап отыруынан шығады.
Мамық, жанғыш ұнтақ сияқты жоғары жылдамдықпен жанып, жан-жаққа от шашады. Сонымен қатар теректің мамықтары гараждарға, тұрмыстық құрылыстарға және көп мөлшерде мамықтың жиналатын жақын маңдағы үйлерге қауіп төндіреді.
ШҚО ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады:
– Мамықтар жиналатын жерлерді, әсіресе ағаштан жасалған ғимараттардың жанын үнемі тазалап, су шашып тұру керек, балалар мен жасөспірімдерге оны өртеуге жол бермеу;
– кәсіпорындар мен мекемелер темекі шегу режиміне бақылау орнату;
– өрт шығаруға және қоқысты жағуға қатаң тыйым салу;
- дәнекерлеу және басқа да өрт жұмыстарына мұқият дайындалу;
- балалармен түсіндірме жұмыстарына ата-аналардың назарын аудару.
Есіңізде болсын, бұл еркеліктерден ең алдымен балалар өздері зардап шегеді.
Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Semey News