ҚоғамМәдениетСемейТОП

Абай облысында Болат Сыбановты еске алу кеші өтті

Жерлесіміз, танымал актер, әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Болат Сыбановтың туғанына 85 жыл толуына орай «Қазақ елінің Ақбұлағы» атты еске алу кеші өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Еске алу кеші «Айман – Шолпан» шағын қойылымымен ашылды. Және де Әміре Қашаубаев атындағы филармонияның әртістері «Бибігүл» қазақ халық аспаптар оркестірінің сүйемелдеуімен әншінің «Таң самалы» әнін орындап, көрерменнің назарын аударды.

Сондай-ақ әншінің шығармашылық өмірінен халыққа естелік ретінде бейнежазбалары ұсынылды.

Салтанатты кешке жары Үміт Сыбанова келді. Сондай-ақ, арнайы қонақ ретінде шақырылған ҚР еңбек сіңірген әртістері Ерлан Рысқали мен Клара Төленбаева да қатысты.

Болат Сыбанов өңіріміздің өнер саласының өзіндік дамуына өзіндік үлес қосқан біртуар тұлға екендігін айтқан жөн.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button