Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысы Ақсуат ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы мәлімет берілді

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақсуат ауданының әкімі Асхат Смаилов БАҚ өкілдеріне баспасөз-мәслихатын өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ақсуат ауданының әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы баяндап, журналистердің сауалына жауап берді. Ағымдағы жылдың 10 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері  тұрақты.

  • Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 847 млн теңгені құрап, өсу қарқыны 158 пайыз болды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,4 есеге өсіп, 9 млрд 675 млн. теңге болды. Тартылған инвестицияның 24 пайызы бюджет қаражат есебінен болса, 76 пайызы жекеменшік қаражат есебінен. Былтырғы жылмен салыстырғанда бюджет қаражатынан тартылған инвестицияның өсу қарқыны 181 пайыз болды,- деді аудан басшылығы.

Жекеменшік инвестиция негізінен ауылшаруашылығын дамытуға 3,6 млрд теңге, туризм саласын дамытуға-1,5 млрд, тұрғын үй құрылысында – 1,6 млрд теңге  игерілген. Биылғы жылдың 10 айында  жергілікті бюджетке 2 млрд. 46 млн теңге салық төленіп, былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 8,3 есеге артық орындалған.

  • Ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің  жалпы көлемі 37 млрд 614,2 млн. теңгеге жетіп, өсу қарқыны 123,2 пайыз болды. «Агробизнес», «Іскер», «Ауыл аманаты», бағдарламалары арқылы  81 жобаға 781 млн теңге несие алынса, «ҚазАгроҚаржы Лизинг» бағдарламасы арқылы  262 млн. теңгеге 46 ауыл шаруашылық техникалары  алынды,-деп атап өтті Асхат Смаилов

Аудандағы өзекті мәселе таза ауыз су кезең-кезеңмен шешіліп келеді. Серіктес Көктүбек және Танамырза ауылдарына су құбыры тарту үшін  781 млн. теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі күні тиісті құрылыс жұмыстары аяқталу үстінде. Сұлутал, Қызыл жұлдыз, Қожакелді ауылдары бойынша су құбыры тарту үшін  қажетті құжаттар  әзірленуде.

2024 жылы Ақсуат ауылындағы кәріз жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары басталатын болады. Жоба құны  1 млрд 115 млн теңге. Аудан әкімі брифинг барасында жол жөндеу жұмыстарына да тоқталды.

  • Танамырза ауылына кіреберіс және Көкжыра-Серіктес жолдарын орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Қарағанды-Аягөз-Боғас-Кіндікті жолын орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екпін ауылындағы көше жолдарын орташа жөндеу  жұмыстары аяқталды. “Ауыл-Ел бесігі” бағдарламасы бойынша Ақсуат ауылындағы көшені орташа жөндеу, Құмкөл ауылындағы көше жолдарын, Қызылкесік ауылындағы орталық көше тиісті жұмыстары толығымен аяқталды. Жалпы аудан бойынша жолдарды жөндеуден өткізуге  1 млрд. 293 млн. теңге қаражат бөлінді, деп қорытындылады аудан әкімі.

«Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша Ақсуат ауылында салынатын 300 орындық мектеп құрылысы басталды. Оған Республикалық бюджеттен 1 млрд. 58,3 млн. теңге бөлінген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button