Абай облысыҚоғамТОП

Құмар ойынға салынған қызметкерлер

Бүгінде погон таққан қызметкерлердің қатарында құмар ойынға салынып кеткендер аз емес. Қоғамның дертіне айналған лудоманиямен күресті күшейтпесе, бәс тігетіндер бүкіл жүйені құртуы мүмкін.

Әсіресе ойынға салынғандардың түзету мекемесінің қабырғасында болуы үлкен қауіп. «Ауру айтып келмес» дегендей, ертең құмар ойынға кіріп кеткен қызметкермен күрескенше, оның алдын алу маңызды.

Сондықтан, Абай облысының ҚР ІІМ ҚАЖД «№20 мекеме» РММ-де психологтар мен басқа да мамандардың қатысуымен барлық қызметкерлеріне құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу бойынша дәріс өтті.

Түзету мекемесінің акт залында №19,20,21 мекемесінің 93 қызметкеріне «Лудомания, белгілері және оның жағымсыз салдары» тақырыбында психолог маманы Г.Жолдыбаевамен, «Аманат» қоғамдық қорының теологы Б.Таубаев және Қос мұнарлы мешітінің найб имамы С.Арғыновтың қатысумен арнайы дәріс өтті.

Ойынға құмар барлық белгілерін әрбір қызметкердің санасына жеткізіп, ой елегінен өткізуге барынша жұмыс жасалды. Мысалы, қасыңдағы әріптесіңнің бойында келесі қылықтарды байқасаңыз, онда бірден дабыл қағу керек:
Ойынға құмарлық белгілері:
Қандай да бір спорт ойындары туралы жиі айтуы, ойын комбинацияларымен байланысты оқиғаларды елестету және осы ойдың басым болуы;
«бақылауды жоғалту» ауқымды ұтыстан кейін, сондай ақ үнемі ұтылудан кейін де ойынды тоқтата алмау;
Ойынға кезекті қатысқаннан кейін салыстырмалы қысқа уақыт аралығында дамитын психологиялық дискомфорт, ашулану, беймазалық, қиын жеңілетін ойнауға кірісуге ынтығу. Мұндай күйлер белгілер қатары бойынша есірткі/алкогольге душар тұлғалардың бас ауруы, ұйқының бұзылуы, алаңдаушылық, төмен көңіл-күй.
ойынға жиі қатысудың біртіндеп өсуі тән;
Ойнамауға бел буғанмен, сәл провокация болса (бұрыңғы таныстарын кездестіру, ойын тақырыбында әңгімелесу, ойын мекемесі жанында болу т.б.) гемблинг қайта басталады.

Ойынға құмар белгілердің барлығын әрбір қызметкердің санасына жеткізіп, ой елегінен өткізуге барынша жұмыс жасалды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button