Бүгін «Жанұя» орталығында Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Еңбек адамының оң имиджін қалыптастыру» тақырыбында жиын өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Шараға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары З. Мұстафина, Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Д.Үкіжанов, «Соц KZ» ҚҚ директоры Ә.Қадырғалиев, «Отбасы орталығы» ҚҚ Президенті Ж.Жибраева, қалалық ішкі саясат бөлімінің маманы Ф.Оңғарова қатысты.
«Бүгінгі таңда қала жастарын жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Әр ай сайын бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, «Жастар тәжірибесі» жобасы тиімді іске асырылуда. Осы мақсаттағы жұмыстарды жалғастырамыз», – дейді бөлім маманы Фариза Оңғарова.
Семей қаласының жастары арасында құқықбұзушылық деңгейі, оның ішінде есірткі қылмысының төмендегені байқалады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі хабарлады.
«Біз жастар арасындағы қылмысты төмендету және оның алдын алу бойынша кешенді шараларды жүргізудеміз. Бүгінгі таңда профилактикалық шаралар ұйымдастырылып, жастар арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды», – деп атап өтті Думан Үкіжанов.
Жиынға қатысушылар еңбек адамының оң иммиджін қалыптастыру бойынша өзара пікір алмасып, БАҚ өкілдерінің қойған сауалдарына жауап берді.
Semeynews.kz