Абай облысыҚоғамТОП

Абай ауданында 34 отбасына жаңа пәтер табысталды

Абай ауданында тұрғын үй кезегіне сәйкес әлеуметтік осал топтардың өкілдеріне, бюджеттік ұйым қызметкерлеріне жаңа пәтерлердің кілті табысталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қасқабұлақ, Саржал, Көкбай, Кеңгірбай би, Қарауыл ауылында 34 отбасы қоныс тойын тойлап, баспаналарын алды. Жыл соңына дейін тағы 8 пәтердің кілтін табыстау жоспарланған.

Жалпы, 2023 жылы Қарауыл ауылында 22 пәтер салынып жатыр. Бұдан бөлек, Құндызды, Көкбай, Кеңгірбай би, Қасқабұлақ және Саржал ауылында жалпы 20 пәтердің құрылысы жүзеге асырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button