Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысы Бесқарағай ауданында халықтың 85% ауыз сумен қамтамасыз етілген

Бесқарағай ауданындағы  28 елді мекенінің 24  орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Аудан әкімі Талғат Мұратов  БАҚ өкілдеріне  өткен баспасөз мәслихатында ауданның дамуы аясында 4 сумен жабдықтау нысаны салынып жатқанын айтты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

  • Биыл Ерназар, Жетіжар, Бесқарағай, Бөдене ауылдарында су құбыры мен су тарту құрылыстары салынуда. Ерназарда су құбыры 95% дайын. Жетіжарда жұмыс 60% дайын, желтоқсан айында аяқталады. Бесқарағайда жұмыс 60% –  орындалды. Бөденде ауылында  жыл соңына дейін желілер құрылысын аяқтау жоспарлануда, – деп атап өтті аудан басшысы.

Сонымен қатар, “Ауыл-ел бесігі” жобасы аясында Бесқарағай ауданындағы ауылдарды абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

  • Жыл соңына дейін 8 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл жобаларға 229 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Бесқарағайда 90 орындық балабақшаға күрделі жөндеу жүргізілуде, жобаның құны 64 млн. теңге.
    Канонерка ауылында ауылдық клубтың шатыры қайта жаңартылуда, барлық жұмыстар 95% орындалды. Жұмыстарды 1 желтоқсанға дейін аяқтау жоспарлануда, – деді Талғат  Мұратов.

Аудан  жолдарын жөндеу бойынша жұмыстар осы жылы да жалғасты.  Биылғы жылы Өндіріс, Жыланды, Қарабас және Беген орман шаруашылығы ауылдарына кірме жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, барлығы 8,8 км.

Сонымен қатар, Ескі қорған, Бөкебай және Бесқарағай ауылдарындағы көшелер жалпы сомасы 110 млн. теңгеге жөнделді.

Сондай-ақ, Қарағайлы, Канонерка, Бозтал ауылдарында, жалпы сомасы 23 млн.теңгеге 79 көше шамдары орнатылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button