Абай облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесулерін өткізді

2023 жылдың 16 қарашасында, ҚАЖ қызметкерлері, Абай облысы бойынша ҚАЖД №19 мекемесіндегі бос лауазымды орындарды толықтыру мақсатында, Абай облысы, Абай ауданының мектептерінде 10-11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесулерін өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Іс-шарада қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне көрсетілетін әлеуметтік жеңілдіктер, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің міндеттері туралы ақпарат берілді. Оқушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
«Мектеп оқушыларына ішкі істер органдарына қызметке орналасу шарттары мен тәртібі, үміткерлерге қойылатын талаптар түсіндіріліп, кадр саясаты бөлімі қызметкерлерінің байланыс телефондары берілді. Сонымен қатар, қылмыстық-атқару жүйесінде жұмыс істеу көптеген жәрдемақылар мен әлеуметтік көмектерді (бір жарым жылдық қызмет өтілі, тұрғын үй жалдағаны үшін ақшалай өтемақы, коммуналдық қызмет ақысы, тегін медициналық көмек, санаториялық-курорттық емдеу, қызметкерге және оның отбасы мүшелеріне тегін медициналық көмек алуды көздейтіні түсіндірілді. Болашақ мамандығын таңдайтын балаларға бұл іс-шара үлкен көмек. ҚАЖ қызметкерлеріне алғысымыз зор», – дейді Қасқабұлақ ауылының М.О.Әуезов атындағы мектеп директорының орынбасары Лаура Ғылымбаева.
Әр кездесудің соңында үміткерлерге ақпарат пен фотосуреттерден тұратын хабарландыру брошюралары ұсынылды.
Semeynews.kz