Абай облысыҚоғамТОП
Жер мәселесін шешу – басты назарда

Абай облысы әкімдігінің пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі ведомствоаралық топ жыл басынан бері пайдаланылмайтын 157 мың га жерді (жер иелерінің ерікті түрде бас тартуы негізінде) мемлекет қорына қайтарды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Сондай-ақ жалпы ауданы 387,9 мың га жерді құрайтын 348 жер учаскесі анықталды.
Барлық анықталған фактілер заңнамада көзделген тиісті шараларды қабылдау үшін Абай облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне жолданған.
Қайтарылған жер учаскелерін жергілікті атқарушы органдар заңнамада көзделген тәртіпке сәйкес ауыл халқының қажеттіліктері үшін, яғни мал жаю үшін жайылымдар беру жолымен қайта бөлінеді.
Semeynews.kz