Абай облысыҚоғамМәдениетТОП

Көкпектіде додалы айтыс өтті

Абай облысы Көкпекті ауданында айтыстың ақтаңгері Қалихан Алтынбаевқа арналған «Жыр тұнған жағасында Көкпектінің» атты командалық ақындар айтысы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Топтық жыр додасына Семей, Өскемен қалаларының, Аягөз және Көкпекті аудандарының айтыскер ақындары қатысты.

Қатысушылардың өнерін бағалауға арнайылап Көкпекті еліне Дәулет Сметов, Дәмеш Омарбаева, Дулат Шидер келіп ақындарға лайықты бағасын берді.

Айтыстың ашылу салтанатына Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев қатысып, жиналған қауымды бабамыздан қалған ұлы мұра – айтыстың киелі көкпекті елінде өткізілуімен құттықтады.

Тартысты өткен ақындар жыр додасында І орынды – Аягөз ауданының, ІІ орынды – Семей қаласының, ІІІ орынды – Өскемен қаласының және Көкпекті ауданының айтыс ақындары еншіледі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button