Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысында мәдениет үйлері жаңартылуда

Ақсуат ауданында мәдениет үйлері кезең-кезеңімен жаңарып келеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Атап айтқанда, Жәнтікей және Екпін ауылдарында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 150 орындық мәдениет нысанының құрылысы жуық арада аяқталмақ.

Кіндікті, Қызылесік ауылында орналасқан мәдениет ошақтарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда аудандық мәдениет үйлері мен ауылдық клуб үйлерінің материалдық-техникалық базасы жаңарып, нығайтылуда.

Жалпы аудандық бюджеттен аталмыш жұмыстарға 72 млн. теңге қаражат бөлінген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button