ШҚОҚоғамТОП

ШҚО-да құтқарушылар мен полицейлер өзен-сулардың жағалауларын патрульдеуде

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар мен полиция қызметкерлері өзен-сулардың жағалауларын патрульдеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде ауа райы күрт жылынып, жұртшылық су жағасына барып демалуды бастады. Осыған байланысты құтқарушылар мен полиция қызметкерлері өзен-судың жағалауын, шомылуға рұқсат етілмеген жерлерді қайықпен партульдеп, кезекшілікке шығуда.

«Демалушыларға қауіпсіздік ережелері үйретіліп, арнайы жадынамалар таратылуда. Сондай-ақ талаптарды елемеген, атап айтқанда тыйым салынған жерлерде шомылған адам әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы ескертілуде. Осы уақытқа дейін 233 рет жағалауға барлау жасалды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өткен шомылу маусымында тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабымен (Су пайдалану ережелерін бұзу) 146 азаматты, 440-бабы (ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүру) бойынша 314 адамды жауапқа тартқан.

Жағажайларға жүргізілген тексеру нәтижесі көрсеткендей, су қоймаларының көбінде балалардың шомылатын орындары жабдықталмаған, құтқарушылар мен дәрігерлердің стационарлық бекеті жоқ және азаматтардың шомылуын шектейтін белгі қойылмаған.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button