Абай облысының Көкпекті ауданындағы қазандықтар штаттық режимде жұмыс істеп тұр
Көкпекті ауданында 43 қазандық бар. Оның 34-і қатты отынмен жылытылады, қалған 9-ы электр қазандығымен жабдықталған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, қазандықтар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Аудандағы білім беру мекемелері мен басқа да әлеуметтік нысандардың көмірге деген жалпы қажеттілігі 7047 тоннаны құрайды. Мәселен, 22 білім беру нысанының 13-і қатты отынмен жұмыс істейтін автономды қазандықпен, 5-еуі электр қазандығымен, 3-і жылу жүйесімен жабдықталған. Қазіргі таңда аудандағы мектептерді көмірмен қамтамасыз ету 4352 тоннаны, жалпы сұраныстың 100% құрап отыр.
Мәдениет нысандары үшін қатты отынға деген қажеттілік 495 тонна. Сондай-ақ, аудандағы денсаулық сақтау мекемелерін көмірмен қамтамасыз ету 2200 тоннаны құрап, жоспарға толық сәйкес келеді.
Semeynews.kz