Абай облысында елді мекендері кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етіледі
Облыс әкімдігінде Абай облысы әкімінің өкімімен құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Топ құрамына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Телекоммуникациялар комитетінің, байланыс операторлары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кіреді.
Жұмыс тобының бірінші отырысы барысында тұрғындарды мобильді кеңжолақты интернетпен қамтамасыз ету мақсатында елді мекендерде және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында интернет желісінің антеннасы құрылымдарын орнату мәселесі талқыланды. Абай облысындағы туристік нысандарындағы коммуникация мәселесі де қарастырылды.
Айта кетсек, ҚР Үкіметі «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын бекітті. Ұлттық жобаға облыстың 172 ауылдық елді мекені кіреді. Жобаны жүзеге асыру Абай облысындағы елді мекендердің 90%-н кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Semeynews.kz