Абай облысыҚоғамТОП

Абай ауданының әкімі әлеуметтік-экономикалық даму және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы айтты

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы аудан әкімі Мейіржан Смағұлов БАҚ өкілдеріне баспасөз-мәслихатын өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай ауданы бойынша халық саны – 14 000 болса, 9 ауылдық округ, 11 елді мекен бар.

Бүгінде ауданның негізгі даму бағыты ауылшаруашылық саласы. Шаруа қожалықтарының саны – 541, оның асыл тұқымды шаруашылық саны 44, қоймен – 22, ірі қарамен – 21, жылқымен – 1 шаруашылық айналысады. Мал басының саны ірі қара мен ұсақ малды қосқанда 262 мың 370 бас. Ауылшаруашылық саласын дамыту үшін мемлекеттен жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді.

  • 2023 жылы 10 трактор 113 млн 300 мың теңге, 16 қосалқы техника 43 млн 320 мың теңге жалпы жиыны 156 млн 620 мың теңге ауылшаруашылық техникалары алынды. Осы жылы 28715,2 мың тонна ет өндірілді. Өңірде азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 10 мобильдік топ құрылып, 385 рейд жүргізді. 11 ауыл шаруашылығының жәрмеңкесі өткізілді. Жалпы алғанда ауданымызды осы сала тұрақты дамып келеді,- деді аудан әкім.

Алдағы жылдары ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін ауылшаруашылық саласымен қоса өнеркәсіпте басым бағыты болады деген жоспар бар. Қазірдің өзінде өңірге инвестиция салып, халықты жұмыспен қамтып отырған өнеркәсіптер бар.

  • «БАСТ» АҚ тау-кен өнеркәсібі осы жылдың 1 қазанына дейін 3 млрд 905,3 млн теңгенің өнімін шығарып, 295 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жаңадан құрылған «METALL MINING» ЖШС әлеуметтік-экономикалық дамуға өз ықпалын тигізеді деген ойдамыз. Кәсіпорын өңірдің әлеуметтік дамуы үшін қорға 30 млн теңге аударды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жаңа фронталдық тиегіш техникасын және газель көлігін алып берді. Қазіргі уақытта кәсіпорында 170 адам жұмыс жасауда, – деді аудан әкімі Мейіржан Смағұлов.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Кеңгірбай би ауылының Қарашоқы шатқалында балалар лагерінің құрылысы басталды. Осы мақсатқа – 428 601,0 мың теңге бөлінді.

Аудандағы халқы көп Көкбай ауылында спорт модулін салу үшін қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізуде. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2024 жылдың тамыз айы.

2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы арқылы жоспарланған 5 жоба бойынша 5,08 км көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аудандық 3,1 км және облыстық маңызы бар 65 км жолдарға орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.

2023 жылы Абай ауданында 2 пәтерлі 21 тұрғын үйдің, жиыны 42 пәтердің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button