Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының Бородулиха ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды

Бородулиха ауданы Новопокровка ауылында жаңа өрт сөндіру бекетінің ғимараты салтанатты түрде ашылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Автокөлік паркін жаңарту қосымша өрт сөндіру бекеттерін құру және шалғай елді мекендерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл өрт сөндіру бекеті жалпы саны 2400 адам тұратын үш елді мекенге қызмет көрсетеді.

Осылайша қолданыстағы өрт сөндіру бекеттерінің техникасын жаңарту және жаңадан бекет құру мақсатында жергілікті атқарушы органдарға Департамент тарапынан биыл 13 өрт сөндіру техникасы берілді.

Анықтама үшін: Қазіргі таңда облыста 70 бірлік техникамен жабдықталған 61 өрт сөндіру бекеті бар. Облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспарына және 2023 жылға арналған кезеңдік жоспарға сәйкес екі жаңа өрт сөндіру бекетін құру жоспарланған. Сондай-ақ, жоспарға қарамастан қосымша сегіз өрт сөндіру бекеті құрылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button