Абай облысыҚоғамҚылмысТОП

Абай облысының полицейлері есірткі сақтаған адамды ұстады

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Бесқарағай ауданының криминалдық полиция бөлімімен бірлесіп, Жыланды кентінің 32 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғын үй тінту барысында ерекше иісі бар қара-жасыл түсті өсімдік тектес заттары бар бес полиэтилен пакет, көміртегі бар 2 пластикалық бөтелке табылды.

Сараптама нәтижелері көрсеткендей, тәркіленген зат жалпы салмағы -78,18 гр болатын «кептірілген марихуана» есірткі құралы болып табылады.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деп хабарлады Абай облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Тілек Қамза.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button