Бүгін 2023-2024 жылдың қысқы маусымына даярлық шаралары барысында Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандары жол тазалау техникасының жай-күйін тексерді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Шараға Семей қаласы әкімінің орынбасары Рамиль Досмағанбетов “Абай облысының ЖК және АЖ басқармасы” ММ, Абай облысының ТЖД, Семей қаласының ПБ ЖТИБ, сондай-ақ қала көшелерінің жай-күйіне жауапты мердігер ұйымдар қатысты.
Аталмыш шара жол тазалау машиналары мен механизмдерінің сандық-сапалық құрамы мен техникалық жағдайын, сонымен қатар қыс мерзіміне құрал-жабдықтардың түгел болуын анықтау мақсатында өткізілді.
Қазіргі уақытта 119 мамандандырылған жол тазалау техникасы қыс мезгіліне толықтай дайын. Ауа-райының өзгеруіне жедел ден қою үшін тәулік бойы кезекшілік жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, бүгінгі күні жолдарды өңдеу үшін 200 м3 реагент, 150 тонна тұз және 4500 м3 инертті материалдар дайындалды.
Биылғы жылы қала көшелері мен жолдарды қысқы күтіп ұстауға мердігер кәсіпорындармен “Камаз” маркалы 8 бірлік аралас жол машиналары сатып алынды. Бұл техника қар тазалауға арналған соқалы щеткалы қар тазалағыштар жабдықтармен, қарды тырмалауға арналған үйінділермен, сондай-ақ көктайғаққа қарсы шараларды қамтамасыз етуге арналған құм себу жабдықтарымен жабдықталған.
Сонымен қатар, кәсіпорындармен тротуарларға инертті материал себуге арналған екі тракторды жеткізуге арналған қосымша келісімшарт жасалды.
Айта кетейік, қалың қар жауған жағдайда мердігер кәсіпорындар қарды жаппай шығару үшін қосымша техникалар мен тиегіштерді жұмылдыратын болады.
Semeynews.kz