Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға жүріп-тұру құралдары табысталды

«Dos Ortopedia» брендінің мүгедектерді қолдау аясында өткізген қайырымдылық акциясының нәтижесінде Абай облысындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға 5 арнайы жүріп-тұру құралы табысталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Аталған іс-шараға облыстың арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтары, мүгедектігі бар жандарға қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қор, жүріп-тұру құралдарын пайдаланатын мүгедектігі бар жандар қатысты.

Арнайы ұйымдастырылған іс-шаара барысында қазақстандық брендтің басшысы Төремұрат Төлегенов жиналғандарды компанияның негізгі қызметімен таныстырып, өз өнімінің тұсаукесерін жасады. Бренд жетекшісі мүгедектігі бар жандарға әрқайсысының диагноздарын зерделеп, олардың ерекшеліктерін ескере отырып, сол адамға ыңғайлы арбаларды таңдауға көмектерін көрсетінін жеткізді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button