Абай облысыҚоғамТОП

Әскери қызметшілердің қатысуымен болатын жол – көлік оқиғаларының алдын-алу басты назарда

Абай өңірлік гарнизонында «Автокөліктің қысқа дайындығы – апатсыз жүрудің кепілі» алдын-алу айлығы аясында автокөлік қызметтерінің бастары, жеке және әскери көлік жүргізушілерімен, гарнизон әскери бөлімдері мен мекемелерінің автоәуесқой қоғамы төрағаларының қатысуымен алдын-алу конференциясы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кездесу барысында автомобиль полициясы бөлімінің көлік құралдарын тіркеу және техникалық қадағалау жөніндегі офицері Владимир Акимов конференцияға қатысушыларға 2023 жылдың өткен кезеңінде Абай гарнизоны әскери қызметшілерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының жай-күйін, онда 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда төмендеу байқалатының жеткізді.

  • Қыс басталады және әскери қызметшілер әрқашан жол қозғалысының қатысушылары болып табылады. Алдын-алу жұмысының мақсаттарына толықтай қол жеткізілді деп санаймын, іскери қызметшілерге көлік құралдарын қысқа дайындау қажеттігі туралы тағы да ескертілді, – дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы техникалық қамтамасыз ету басқармасының автомобиль қызметі бағытының аға офицері подполковник Қанат Көпабаев.

Сондай-ақ, қатысушылар үшін әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің талаптары мен жол жүру ережесі қосымша жеткізілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button