Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысы Бесқарағай ауданының әкімі Канонерка ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді

Бесқарғай аудан әкімі Талғат  Мұратов Канонерка ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, ауданның экономикалық-әлеуметтік даму көрсеткіштерін, инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыс жоспарын баяндады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бүгінде Канонерка ауылдық округінде халық саны бүгінде 1500 ден асады. Жергілікті халық таза ауызсумен 80 пайызға қамтамасыз етілген.

Биыл аталған елдімекенде бірнеше жоба жүзеге асырылды. Атап айтқанда Канонерка ауылдық клубының жөндеу жұмыстары, Канонерка ауылындағы Комсомольск көшесін жарықтандыру жұмыстары мен Қара-Мырза ауылына қосымша электр желісін тарту бойынша 8 млн. теңге қаражат бөлініп, бүгінгі күні бұл жұмыстар аяқталды. Жақын күндері аталған жоба іске қосылып ел игілігіне берілетін болады.

Кездесу барысындағы тұрғындар тарапынан түскен барлық талап-тілектер назарға алынды. Ауыл әкімі мен сала басшыларына халықпен кері байланыс орнатып, өзекті мәселелерді сапалы, дер кезінде шешу бойынша тапсырма берілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button