ҚазақстанҚоғамТОП

Ақордада Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді Ақордада қарсы алды, – деп хабарлайды Semeynews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мәртебелі мейманның сапарына орай Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Осыдан кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады. Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Владимир Путин пен Қасым-Жомарт Тоқаев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң мейман мен Президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Ресей басшысы құрметті қарауыл бастығымен қоштасты.

Қазіргі уақытта Президенттер Қостанайда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысып жатыр.

Ақорда
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайында қарсы алғанын жазған едік.

Ақорда
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланған. Бұдан бөлек, Президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысатыны айтылды.

Ақорда
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Елдер арасындағы тауар айналымы, инвестиция көлемі және форумда қандай мәселелер қаралатыны Kazinform сарапшысының шолуында.

Ақорда
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button