Абай облысы бюджетінің игерілуі туралы ақпарат
Абай облысының 2023 жылға арналған бюджеттің жылдық көлемі 419 928,3 млн теңгені құрайды, оның ішінде облыстық бюджет – 279 914,7 млн теңге, аудандар мен қалалар бюджеті – 140 013,6 млн теңге.
Ағымдағы жылдың 10 айы бойынша 312 778,8 млн теңге жоспарда (облыстық – 209 143,1 млн теңге, аудандар мен қалалар – 103 635,7 млн теңге), 304 066,4 млн теңге немесе 97,2% игерілді (облыстық – 205 728,6 млн теңге, аудандар мен қалалар – 98 337,8 млн теңге).
Бөлінген қаражаттың негізгі көлемі келесі салаларға бағытталды:
– Білім беру – 118 894,5 млн теңге;
– Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 58 370,0 млн теңге;
– Көлік және коммуникация – 28 036,1 млн теңге;
– Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары – 23 732,8 млн теңге;
– Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру – 21 231,2 млн теңге;
– Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер – 12 843,0 млн. теңге;
– Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 12 203,7 млн теңге;
– Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі – 6 744,4 млн теңге;
– Денсаулық сақтау – 3 071,8 млн теңге;
– Өзге салаларға – 18 938,9 млн теңге.
Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша облыс бюджетінің игеру көрсеткіші 97,2% құрады. Игерілмеген қаражат қалдығы мердігерлік ұйымдардың жұмыс жүргізу кестесінен артта қалуына байланысты, мемлекеттік сатып алу нәтижелері мен басқа да шығыстар бойынша үнемдеулер есебінен қалыптасты.
Semeynews.kz