Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының Мақаншы ауылында мешіт ашылды

Абай облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылында заман талабына сай еңселі де көрікті “Қабанбай батыр” атындағы мешіт ашылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл мешіт аудан тұрғындары үшін зор қуаныш екені рас. Алла үйінің ауылдағы еңбектеген баладан, еңкейген қартына дейін имандылық жолына түсіп, үлкен тәрбие ордасына айналатынына сеніміміз мол.

Шара барысында Абай облысы бойынша өкіл имам Асқар Әбітайұлы жиналған көпшілікті берекелі күнмен құттықтады. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ақылбек Жұмабекұлы жылы лебізін білдіріп, мешіттің тұрғызылуына көмектескен кәсіпкер азаматтар мен ауыл тұрғындарына алғысын білдірді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button