ҚазақстанПроисшествияТОП

Елордада Жоғарғы сот ғимаратының маңындағы терек мамығынан шыққан өрт сөндірілді

Елордалық өрт сөндірушілер терек мамығы жануынан шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 25 мамырда сағат 14.06-да Д.Қонаев көшесінде терек мамығы жанып жатқаны анықталды, ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері бірден шақырту орнына аттанды.

«Өрт сөндірушілер сағат 14.13-те келген бойда шамамен 250 шаршы метр аумақта терек мамығы жанып жатқанын анықтады. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамынан 10 адам, 2 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 14.29-да сөндірілді», делінген хабарламада.

Кеше елордада өрт сөндірушілер 95 рет өрт болған жерлерге барды, соның 53-і терек мамығының жануына қатысты.

Қалалық ТЖД терек мамығына қатысты ескерту жасады.

«Терек мамығын өзіңіз тұтатпаңыз және оны балалардың жағуына жол бермеңіз. Көшеде терек мамығымен ойнап жүрген балаларға да ескертіңіз! Ойынның соңы қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін екенін түсіндіру қажет. Өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігі туралы ойланыңыз!», делінген хабарламада.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button