ШҚОКриминалТОП

130 млн. астам теңгені мейрамхананың жалған иесі иемденді

Шығыс Қазақстанда 130 миллионнан астам теңгені иеленген мейрамхананың жалған иесі сотталды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 жылғы қаңтарда полиция басқармасына сатуды сылтауратып оның ақшасын иемденген әйелді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы кәсіпорын директоры арыз білдірген.  Шығын 135 500 000 теңге.

Қылмыстық іс бойынша дәлелдердің болмауына байланысты тергеуді тоқтату туралы бірнеше рет шешімдер қабылданғанын атап өтеміз. ШҚО ПД басшылығына екінші рет өтініш білдіргеннен кейін, қылмыстық іс тергеу басқармасының мүліктік қылмыстарды тергеу бөлімінің аға тергеушісіне берілді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында кешенді тергеу шаралары жүргізілді,  күдікті әйелдің кінәсінің бұлтартпас дәлелдері анықталды. Күдіктіге ірі көлемдегі алаяқтық бабы бойынша айып тағылды.

Өскемен қалалық № 2 сотымен, сонымен қатар апелляциялық органмен айыпталушы кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button