Абай облысы Қабанбай ауылы емханасын жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын
Абай облысы Мақаншы ауданына қарасты Қабанбай ауылы емханасын жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
2023 жылдың 14 сәуірінен бастап Үржар ауданындағы Қабанбай дәрігерлік амбулаториясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер «ГрадСтройСервис» ЖШС ұйымы.
Қазіргі таңда баспалдақ, су және кәріз, электр монтаждау жұмысы, шатыр мен сыртқы қксбетті, қазандық пен жылу желісін қайта жаңарту жұмысы аяқталды. Сондай-ақ, 1-ші және 2-ші қабатқа жылу беріліп, желдету, өртке қарсы дабыл жүйесі, жаңа пластик терезе орнатылды. Бұдан бөлек, емхана едені толығымен жаңартылды.
Бүгінде жұмыстың шамамен 60% орындалды. Жөндеу жұмыстарына 27 адам жұмылдырылған. Бұл нысандағы жөндеу жұмыстарының сапасы мен белгіленген мерзімде аяқталуы облыс әкімдігі мен құзырлы органдардың қатаң бақылауында.
Semeynews.kz