Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының Үржар ауданында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Үржар өңірінде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыру мақсатында кестеге сәйкес әр сенбі сайын ірі елді мекендерде ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Аудан орталығында Барқытбел ауылдық округінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Онда нарық бағасынан 10-20% арзандатылған бағада түрлі өнімдер ұсынылды.

Жәрмеңкеде жылқы, сиыр, ұсақ мал етін, сондай-ақ картоп, көкөніс, сүт, нан өнімін, күнбағыс майын және басқа да ауыл шаруашылығы өнімін тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік туды.

Айта кетсек, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button