ҚоғамСемейТОП

Семейдің Водный және Восход кентеріндегі су құбырлары жүргізілген көшелерді ретке келтіру жұмыстары жүргізіледі

Абай облысының энергетика және тұрғын үй шаруашылық басқармасының басшысы Серік Тулленбергенов пен Семей қаласы әкімінің орынбасары Рамиль Досмағанбетов Восход және Водный кенттерінің тұрғындарымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кездесу барысында тұрғындар жол мәселесіне қатысты бірқатар шағымдарды көтерді. Ағымдағы жылы Восход және Водный кенттерінде су құбыры желілерін салу жұмыстары басталды. Бұл бағдарлама «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылуда. Жобада Водный және Восход кенттерінде ұзындығы 36 км су құбыры желілерін салу көзделген, жобаны іске асыру нәтижелері бойынша тұрғындар таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Көшпелі кеңес нәтижесінде су құбырларын тарту жұмыстарын жүргізген «AKM Invest Group» ЖШС келесі аптаның соңына дейін Республиканская және су құбырлары жүргізілген көшелердің бойына қиыршық тас төгу, жол жабынын теңестіру және ретке келтіру жұмыстарын жүргізетін болады.

Айта кетейік, ағымдағы жылы қаланың орталығынан бөлек шеткері аумақтарын да дамыту жоспары әзірленіп, жаз маусымында Водный және Восход кенттері мен саяжайларында жол жөндеу, жаңа жол белгілерін орнату, су құбырларын жүргізу, балалар ойын алаңдарын жабдықтау жұмыстары жүргізілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button