ҚоғамСемейТОП

Семей қаласы әкімінің орынбасары мердігер мекеме өкілдерімен көшпелі кеңес өткізді

Қала әкімінің орынбасары Рамиль Досмағанбетов жөндеу жұмыстары кезінде қазылған қала көшелерін аралады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Көшпелі кеңеске ЖКХ бөлімінің басшы және мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қазіргі таңда жылу құбырларын жөндеу кезінде қазылған Мәңгілік ел, Цемент кенті мен Титов және т.б көшелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қала әкімінің орынбасары мердігер ұйым өкілдеріне қатаң ескерту жасады.

“Мердігер ұйымдардың жұмыстары қала әкімдігінің қатаң бақылауында. Жұмыстарды осы айдың ортасына дейін толық аяқтауды тапсырамын”,- деді Рамиль Майшұланұлы мердігер ұйымдардың басшыларына.

Айта кетейік, ағымдағы жылы 45 км жуық жылу құбырлары ауыстырылды. Жер қазу жұмыстары барысында қазылған жерлер мердігер ұйымдардың есебінен қалпына келтіріледі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button