Абай облысыМәдениетҚоғамТОП

2023 жылы Абай облысындағы мәдениет мекемелерінде 5500-ге жуық мәдени шара өткізілген

Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Абай облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Назира Идрисова аймақтағы мәдениет саласының даму ахуалы жайында ақпаратпен бөлісті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

  • Ағымдағы жылы шығармашыл жас таланттарды қолдау, мәдениет пен өнерді дамытуға үлес қосқан қайраткерлерді дәріптеу, музей ісін жандандыру мақсатында халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі түрлі шаралар ұйымдастырылды, – деді Назира Идрисова.

Балалар арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Арт-спорт» бағдарламасына облыстық бюджеттен 574,7 млн. теңге қаражат бөлінген. Бүгінде «Арт-спорт» платформасынның электрондық жүйесінде өңірден 3736 бала мақұлданып, 835 ваучер кезекте тұр. Сондай-ақ өңірдегі тілдік ахуалға басымдық беріліп, ономастика саласында бірқатар жаңалықтар орын алған.

  • Тілдік ахуалға келетін болсақ, бүгінде мемлекеттік және өзге тілдерді халыққа тегін оқытатын 5 орталық жұмыс жасауда. Ағымдағы жылы облыстық ономастика комиссиясының отырысында Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха және Үржар аудандарынан түскен 71 ұсыныстың 19-ы мақұлданып, бірқатар көшенің атауы өзгерген, – деп атап өтті спикер.

Облыстың 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық кешенді жоспарына сәйкес 8 мәдениет мекемесінің құрылысы мен қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарлануда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button