СемейТОП

Семейліктер «Бүркіт» фильмін тамашалады

ҚР Ұлттық ұланының арнайы мақсаттағы бөлімшелері туралы “Бүркіт” атты толықметражды көркем фильмін семейлік көрермендер де тамашалады. Шынайы оқиғаларға негізделіп түсірілген отандық туындыны Абай облысының қоғамдық даму басқармасы Қазақстан халқы Асссамблеясы хатшылығының және этносаралық қатынастарды мониторингілеу бөлімінің басшысы Олжас Соғымбай қатысты. Сондай-ақ көрермендер қатарынан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 5511 әскери бөлімінің жеке құрамы да табылды.

– Әскери қызметші үшін бұл фильмнің маңызы бөлек. Өйткені тұла бойда бұлқынған жауынгерлік рухты арттырып, қызметке деген құлшынысыңды оята түсуге бүгінгі көрсетілім үлкен себепші. Күнделікті міндеттері қауіпті қылмыстық топтарға қарсы тұру болып табылатын арнайы жасақ көрерменді өз Отанын қастерлеуге тәрбиелейді, – дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 5511 әскери бөлімі тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы Берік Раев.

Антқа және қызметтік міндетке деген адалдықты мақсат тұтқан туынды әскерилердің көңілінен шыққандай. Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы бөлімшелеріне арналған көркем фильм мемлекет басшысының әскерге шақыру жасындағы және әскерге дейінгі жастармен жұмысты күшейту, оларды отансүйгіштік және Отанға қызмет ету рухында тәрбиелеу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырмасымен түсірілді. Шым-шытырық, оқиғаға толы фильмнен ерекше әсер алған қалың көрермен батылдықды әспеттейтін отандық кинолардың жиі шыққанын айтып, тарқасты.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button