Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысында тоқтап тұрған кәсіпорындарды жандандыру жоспарлануда

Аталмыш бағыттар бойынша нақты жұмыстар жүзеге асырылып, бастау алған. Атап айтқанда, жұмысы тоқтап тұрған ғимараттарда кәсіпорындар мен сауда орталықтары ашылуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Рүстем Ворошилов баяндады.

  • Өткен кездесуімізде ағымдағы жылдың жоспары мен келешегіне тоқталып, «Евразия Агро Семей» ЖШС-нің Семей қаласында ет комбинатын салу жобасын жарияланған болатынбыз. Бүгінде облыстың инвесторларды тарту жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесімен жобаны инвестициялық деп танып, мемлекеттік қолдау білдіруде, – деді Рүстем Ворошилов.

Жақында департамент құрылыс саласындағы отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесін ұйымдастырды. Бұрынғы Кабель зауытының ғимараты жаңа қалыпқа еніп, «Лидер строй» құрылыс дүкеніне айналған. Осы іс-шаралар негізі «Қазэлектромаш» ЖШС мен «AN Groups» ЖШС арасында өндірілген өнімді жеткізу туралы, «Промкомплект – Б» ЖШС мен «Силикат» ЖШС , «Сат-Транс» ЖШС және «Шарцем» ЖШС арасында құрылыс материалдарын сатып алу туралы келісімге қою болып табылады.

  • Жұмысы тоқтап тұрған кәсіпорындар туралы кеңінен тарқатсам, осы жылдың мамыр айында Шугаев көшесінде орналасқан «Балапарк» балалар ойын-сауық кешені (бұрынғы «Сем-Лада» ғимараты) «Нұров» жеке кәсіпкеріне пайдалануға берілген. Сондай-ақ 2023 жылдың маусым айында Ибраев көшесінде «Central 6388» ЖШС кәсіпорны «JQ» отбасылық ойын-сауық орталығын ашты. Айта кететін жайт, мемлекеттік қолдау аясында инвесторлар тоқтап тұрған ғимараттарды пайдалануда, – деп қоса кетті басқарма басшысы.

Биыл өңдеу өнеркәсібінде 19,1 млрд теңгені құрайтын 3 жоба іске қосылып, 600-ден астам жұмыс орны ашылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button