Абай облысыҚоғамСемейСпортТОП

«Елімай» ФК ресми түрде ҚР Бірінші лигасының чемпионы атанды

Ұзақ жылдан кейін «Елімай» футбол клубының жандануы облыстың спорт тарихындағы жаңа тараудың бастауы болды.

Бірінші лигада өнер көрсеткен команда 28 кездесу өткізіп, 76 ұпай жинап, көптен күткен кубокка ресми түрде ие болды.

Маусымның соңғы матчында «Елімай» ФК мен «Ақжайық» ФК кездесті. Ойында семейлік клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары Павел Яковлев пен Бека Кавтарадзе.

«Елімай» ФК жеңіске жету жолында өте тәжірибелі спортшылардың командасын жинай алды. Маусым барысында бірде бір жеңіліс көрмеген футбол клубының әр матчына мыңдаған жанкүйер келіп, қолдау көрсетіп отырды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button