Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының әкімі Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Абай облысында жұмыс сапарымен болды.
Өңірге жұмыс сапары барысында Қазақстанның Православие Шіркеуінің басшысы Нұрлан Ұранхаевпен кездесті.

Митрополит облыс басшысына конфессияаралық және рухани келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

Тараптар сондай-ақ қоғамда дәстүрлі адамгершілік құндылықтарды сақтаудың, ұлтаралық бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді нығайтудың бірқатар өзекті мәселелерін талқылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button